2024 жылғы 16 тамызда Алматыда Қазақстандағы атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесін талқылаған жиын өтті.
Orda.kz тілшісі сол жиынға қатысып тараптардың пікірін тыңдап қайтты.
Бұл шараны Қалалық қоғамдық кеңес пен Алматыдағы Азаматтық альянс ұйымдастырды. Бұл жалпы елдегі атом энергетикасының болашағы жайлы өтіп жатқан 19-шы жиын. Жиында негізгі спикер ретінде энергетика министрлігінің атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Мұрсалова Гүлмира, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Жантикин Тимур, «ҚР Ұлттық ядролық Орталығы» РМК бас директоры Батырбеков Эрлан, «Ядролық физика институты» РМК бас директоры Сахиев Саябек қатысты.
Фото: Orda.kz
АЭС қай жерге салынады?
Қазақстанда АЭС-ті екі өңірде, Абай облысындағы Курчатов қаласына жақын жерге және Алматы облысының Балқаш маңындағы Үлкен ауылына жақын жерге салу жоспарланып отыр. Бұл жайлы «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ бас директоры Тимур Жантикин жиын кезінде айтып берді.
«Біз екі ауданды зерттедік. Ол Абай облысындағы Курчатов қаласына жақын жер және Алматы облысының Үлкен ауылына жақын жер. Екі аудан да халықаралық агенттіктің ұсыныстарына сәйкес АЭС құрылысына жарамды болып отыр», — деді Тимур Жатикин.
Энергетиктер дауы
Артынша ҚР инженер-энергетиктер одағының бас директоры Марат Дұлқайыровқа өз пікірін білдірді. Әсет Наурызбаевтың бұл жиында АЭС салу үшін керек деректерді ғана айтып отыр деп, басқаша пікірін білдірді.
Марат Дұлқайыров энергетик ретінде бірінші кезекте атом электр станциясын салудан басқа амалымыз жоқ екенін атап өтті.
Марат Дұлқайыров. Фото: Orda.kz
«Бүгінгі таңда еліміздің 50 пайызы тұратын Қазақстанның оңтүстігінде Балқаштың түбінен бастап Алматы, Алматы облысы, Тараз, Жамбыл облысы, Түркістан, Шымкент және Түркістан облысы кіреді. Сол 50 пайыз халыққа су, жарық, жылу энергиясы жетпей жатқанын көзіміз көріп отыр. Бұл аймақта электроэнергия өндірісі 2100 мегаватт. Ал біз тұтынатын энергия 4300-4400, мүмкін биыл қыста 4500 мегаваттқа жетеді. Яғни, біз энергияны Солтүстік Қазақстаннан үш есе жоғары кернеулі ЛЭП 500 сызығы арқылы аламыз. Бірақ бұл үш сызықтың өткізу қабілеті тек 2100 мегаватты құрайды. Өткен қыста біз 2300, 2400, тіпті 2500 мегаваттқа жеттік. Бұл жағдай бізді үлкен жүйелі қиындықтарға душар етуі мүмкін. Тіпті солтүстік аймақ толықтай тоқырап қалуы мүмкін», — деді Марат Дұлқайыров.
Оның сөзінше балама энергия көздері деп отырған күн сәулесі мен жел тұрақты түрде болмайтындықтан олар энергия көзі бола алмайды.
«Олар тұрақты емес, сапасыз және қымбатқа түседі. Жаңартылатын көздер, мысалы, күн батареялары мен жел турбиналары, оларды аккумуляторлармен бірге қолдану керек. Бірақ оларды орнатқанда, күн жоқ кезде және жел соқпаған кезде энергия болмайды», — деді Марат Дұлқайыров.
10 жылдан кейін іске қосылады
Марат Дұлқайыров энергия тапшылығын көріп отырғанымызды айтып, атом электр станциясын салу туралы шешімді дереу қабылдау керек екенін жеткізді.
«АЭС 10 жылдан кейін ғана іске қосылады. Егер біз ештеңе істемесек, осы тапшылық екі есе артады. Сондықтан біз жобалау кезінде үшінші және төртінші блоктарды да қарастыруымыз керек. Қазіргі таңда біз Балқаш маңында екі блокты атом электр станциясын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл екі блоктың әрқайсысы 1200 мегаватттан, жалпы 2400 мегаватт. Бірақ бұл тапшылықты жабу үшін біз оны дереу салуымыз керек. Бірақ өкінішке қарай, жобалау мен құрылысқа тағы 10 жыл кетеді. Сондықтан біз төрт блокты жобалауымыз керек», — деді Марат Дұлқайыров.
Жиын барысында қатысушылар наразы болып, дау тудырды. Жобаға сын айтатын мамандарға сөз беруді талап етті. Олардың сөзінше, тек АЭС салу бойынша үгіт-насихат жүргізіліп жатыр.
Фото: Orda.kz
Қарсы пікір білдірушілердің бірі энергетик Әсет Наурызбаевқа сөз берілуін талап етті.
АЭС-тен келетін қауіп
Ақыры даудан соң, ол қолына микрофон алып сөз сөйлеуге рұқсат алды. Ол АЭС құрылысын салар болсақ, туатын 3 мәселені атап өтті.
Радиоактивті қалдықтардың болашақ ұрпаққа қалып, қиындық тудыруы;
Балқаш көлінен айырылу қаупі;
Қазақстанның шетелдік технологиялар мен станцияны басқаруға тәуелді болып қалуы сияқты мәселелер.
«Бірінші қауіп — радиоактивті қалдықтардың жинақталуы. Станция 60 жыл жұмыс істеген соң, біз көп радиоактивті қалдықты келешек ұрпаққа қалдырамыз. Олар бұл қауіпті қалдықтардан қорғануға мәжбүр болады. Екінші қауіп – Балқаш көлін жоғалту. Апаттың ықтималдығы аз деп сендірсе де, әлемде болған 640 реактордың екеуі жарылғанын білеміз. Үшінші қауіп – уранды байыту технологиясына тәуелділік. Қазақстанда уран қоры мол болғанымен, атом станциялары үшін байытылған уран қажет, ал бұл технология бізде жоқ. Сондықтан біз шетелден, негізінен Ресейден сатып алуға мәжбүр боламыз», — деді Әсет Наурызбаев.
Әсет Наурызбай. Фото: Orda.kz
«Бұл санкциялар енгізіліп жатса, тағы бір қауіп болады деген сөз. Демек, саяси себептермен станцияның өшірілу қаупін ескеру қажет. Бұл Қазақстанды энергетикалық дағдарысқа әкелуі мүмкін. Референдумдағы мәселе — тек энергетикалық жүйені қалай құру туралы емес. Біз АЭС салынған жағдайда туатын қауіпті қабылдауға дайынбыз ба, жоқ па деген мәселе болып тұр», — деді Әсет Наурызбаев.
Сондай-ақ, Әсе Наурызбаев санкциялар енгізіліп жатса, тағы бір қауіп болатынын айтты. Яғни, саяси себептермен станцияның өшірілу қаупін ескеруді айтып тұр. Ал бұл Қазақстанды энергетикалық дағдарысқа әкелуі мүмкін. Оның пікірінше, референдумдағы мәселе — тек энергетикалық жүйені қалай құру туралы емес, АЭС салынған жағдайда туатын қауіпті қабылдауға дайынбыз ба, жоқ па деген мәселе болып тұр
Дау соңында ғалымдар бұлай дау тудырмай, ғалымдар мен энергетиктар бас қосып отырып, кеңес өткізгені дұрыс деген пікірге тоқтасты.
Мәселенің шешімі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс және ядролық отын циклі жөніндегі бұрынғы бас директоры, физик Бауыржан Ыбыраев осы қауіптің алдын алатын шешім ұсынып, пікір білдірді.
Бірінші мәселе жайлы ол қалдықтардың аз болатынын, оларды қауіпсіз жерде сақтауға шама-шарқымыз жететінін айтты.
«Балқашқа қатысты айтсақ, көмір генерациясында су атомдық генерацияға қарағанда әлдеқайда көп қолданылады. Су шығыны көмір генерациясында айтарлықтай жоғары. Екі генерация түрінде де турбинаны бу айналдырады. Бірақ көмір генерациясында су қайтарымы әлдеқайда төмен. Үшінші мәселеге келсек, шетелдік технологияға тәуелділік пен уранды шетелде байыту қажеттілігіне қатысты. Қазақстанда қазірдің өзінде екі байыту кәсіпорнында үлесі бар. Ангарскіде Халықаралық байыту орталығы және Северскіде Уран байыту орталығы. Біз сол орындардан уранды оңай өндіріп алып отырмыз. Себебі, Ресей өз үлесін Қазақстанның табиғи уранына айырбастап, бізге байыту қуаттылығына қатысу құқығын берді», — деп Бауыржан Ыбыраев мәселелерді талқылады.
Ол өз сөзінде атомдық генерацияны негізгі қуат көзі ретінде қарастыратынымызды атап өтті. Оның сөзінше, ол газ немесе күн энергиясымен қамтамасыз ету тоқтап қалса, негізгі резерв ретінде қызмет етеді. Ал бұл үнемі жарықпен қамтамасыз ету үшін қажет.
«Неге микрофон бермейсіңдер?»
Отырыс барысында АЭС-қа қарсы плакаттармен келген қатысушылар ашық қарсылық білдірді. Сондай-ақ, «неге микрофон бермейсіңдер?» деп наразылық білдірген кимешек киген егде жастағы әйел ортаға шығып, экологқа сөз берілуін талап етті.
Фото: Orda.kz
«Өте қауіпті»
Артынша АЭС салу мәселесі бойынша эколог Мэльс Елеусізов өз пікірін айтты. Ол бұл іспен баяғыдан бері айналысып келе жатқанын, 1989 жылы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына қатысқанын айтты. Оның сөзінше, үлкен апат Чернобыльде болды.
Мэлс Елеусізов Фото: Orda.kz
«Жалпы, атом электр станцияларынан еш жақсылық келмеді. Кейінірек Жапонияда да апат болды. Бұл да өте күрделі жағдай болды. Чернобыль апаты персоналдың қателігінен болды. Яғни, адам себепші болды. Жапониядағы апат – цунамиден станцияның қирауына байланысты болды. Бүкіл әлем бұл мәселені түсінеді. Бұл – ядролық реакция, өте қауіпті нәрсе», — деді Мэльс Елеусізов.
Сондай-ақ, ол ядролық қалдықтар жайлы айтып, дабыл қақты.
Жемқорлық
Сондай-ақ, эколог АЭС құрылысы ұзақ уақыт салынатын болса, сол уақыт аралығында жемқорлықтың болуы мүмкін екенін айта кетті.
«Егер ол 10 жыл бойы салынатын болса, өздеріңіз де біліп тұрған шығарсыздар. Әрине, бұл жобада жемқорлық болуы мүмкін. Оны «Росатом» салғалы жатыр. Экология мәселесін қоя тұрғанда, бұл әуелі қомақты қаржылай шығын. Бастапқыда 16 миллиард деп белгіленген. Нақты қанша екенін білмеймін. Талқылап жатқанда 16 миллиард деп жатқанын естідім. Ал қазір 10 миллиард болады деп айтып жатыр», — деді Мэлс Елеусізов
Сондай-ақ, эколог АЭС Балқашқа зиян келтіретінін айта келіп, онысызда 6 метр тереңдікте күн жылуы әсерінен су көлемі азайып жатқанын айтты.
Қауіпсіздік жайлы
Назарларыңызға энергетика министрлігі ұсынған АЭС қауіпсіздігі жайлы зерттеуді ұсынамыз.
АЭС жайлы
Жиын басында энергетика министрлігінің атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің орынбасары Гүлмира Мұрсалова сөз сөйледі. Ол АЭС-тің экологиялық артықшылықтарын атап өтті.
Оның айтуынша, АЭС парник газдарын шығармайды, сондықтан жаһандық жылынуға қарсы күресте маңызды рөл атқаратынын атам Мұрсалова энергетика секторынан Қазақстанға түсетін көмірқышқыл газының 80% құрайтынын мәлімдеді. Ол атом энергетикасы мен басқа да жасыл энергия көздеріне көшу көмірқышқыл газын 70 миллион тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді деп атап өтті.
Сөйлеп тұрған Гүлмира Мұрсалова. Фото: Orda.kz
Сондай-ақ, азаматтық альянс басшысы Бану Нұрғазиева Алматы маңындағы Үлкен ауылының тұрғындары АЭС салынуын күтіп отырғанын айтты. Сондай-ақ, АЭС салынған елдер жайлы ақпарат келтіре кетті.
«Қазақстанның уран қоры бойынша екінші орын алатынын және өндірісі бойынша бірінші орынға ие екенін ескерсек, біз ядролық энергетикасыз қалған мемлекетпіз. Қытайда 56 атомдық реактор бар және олар 2-3 жылдан кейін бүкіл әлемді басып озуды жоспарлап отыр. Олар атомдық энергетика жасыл энергияны дамытумен қатар, экономиканы да алға жылжытатынын түсінеді. Энергия тапшылығы өндірісті тежемеуі тиіс», — дейді Альянс басшысы Бану Нұрғазиева.
«Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин АЭС салудың аймақтың инвестицияны арттырып, 8000-нан астам жұмыс орнын ашатынын мәлімдеді. Ол АЭС-тің электр энергиясының бағасын тұрақты ұстап тұратынын, себебі оның бағасы отынның құнына тәуелсіз екенін айтты.
Сөйлеп тұрған: Тимур Жантикин. Фото: Orda.kz
Сондай-ақ, Ол энергетика суды пайдалану жайлы және Балқаш көлі жайлы сөз сөйледі.
Кадр мәселесі
Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев атом электр стансаларында жұмыс істейтін кадрлар туралы сөз сөйледі.
«Жылдар бойы Алматы маңында зерттеу мақсатында жұмыс істейтін су-судың реакторы жұмыс істеп келеді. Ол бейбіт атом үшін қызмет етеді. Мысалы, біз өндіретін онкологиялық препараттарды 27 мыңнан астам қазақстандық пайдаланады. Осыдан байқауға болады, Институттың базасында дайындалатын кадрларымыз бар», — деді Саябек Сахиев.
Сондай-ақ, саяси сарапшы Марат Шибұтов өз пікірін білдірді. Ол 2008-2009 жылдары Ақтауда реактор салу мәселесі талқыланғанын, көбі қарсы шығып қазір қиналып отырғандарын айта кетті.
Сөйлеп тұрған Марат Шибұтов.Фото: Orda.kz
«Сол кезде бұл жобаны сынаған соң, жүзеге асырылмады. Қазіргі уақытта Ақтауда электроэнергияның жетіспеуіне байланысты шағымдар көп. Бізде коммуналдық қиындықтар туу қаупі бар. 2-3 жылдан кейін Оңтүстік Қазақстанда энергия тапшылығы мен жоспарлы өшірулер басталады. Олар қазірдің өзінде бар, те айтыла бермейді. Егер шешім қабылдамасақ, жағдай күрделене түседі», – деді Марат Шибұтов.
Жалпы АЭС салу мәселесі референдумда шешілетін болды. Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум 2024 жылдың күзінде өтетінін растаған болатын.