Алматыдағы Мәңгілік алауға көгілдір отын берілді
Алматыдағы мәңгілік алау көгілдір отынға қосылды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
«1975 жылдан бері газбен жабдықтау құрылғылары жаңартылмаған. Заманауи жабдыққа көшу игілікке толы нысанның тұрақты, үздіксіз жануын қамтамасыз етеді», - деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.
28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы мәңгілік алауға көгілдір отын берілді. Бұған дейін ол сұйытылған газбен жанатын, сұйытылған газ автономды режимде жеткізілетін.
Ескерткіш Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 30 жылдығына арналған. Естелік аллеясында фашистермен шайқаста аман қалған 28 батыр-панфиловшының есімдері жазылған обелисктер қойылып, оның ортасында 1975 жылы жағылған Мәңгілік алау әлі сөнбеген.
Жаңалықтар
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр