Алматыда жылжымалы вакцина пункттері іске қосылады

cover

Алматыда коронавирусқа қарсы жылжымалы медициналық вакциналау пункттері құрылады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

— Медициналық мекемелер мен емханалардан басқа, адамдар көп жиналатын орындарда, СОО-да егу пункттері ашылды. Сонымен қатар, қаланың шалғай аудандары тұрғындарына екпе жүргізу үшін үшін жылжымалы медициналық пункттер мен мобильді бригадалар шығаруды жоспарлап отырмыз. Осындай төрт көлік дайындалды, - деді Нариман Табынбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұрын хабарланғандай, Алматыда 200-ге жуық егу пункті бар.

Миллионға жуық алматылықтарға вакцина егу жоспарланған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар