Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды

cover Видеодан скриншот Orda.kz

Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзып, көшеде жасөспірімдерге тиіскен балалар анықталды. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды Orda.kz.      

Тексеруге әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалар себеп болды. Онда бір топ жасөспірімнің азаматтарға қатысты агрессивті әрі арандатушылық мінез-құлқы көрсетілген.

Аталған факті бойынша Медеу және Алмалы аудандары полиция басқармасы қызметкерлері тексеру шараларын жүргізді. Кәмелетке толмағандар анықталып, аумақтық полиция бөлімшелеріне жеткізілді.

Жасөспірімдердің Тәжікстан Республикасының азаматтары екені анықталды.

Барлық жасөспірім балалар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылып, олармен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр.

Тексеру нәтижесі бойынша балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін олардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар аталған тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы аясында оларды ел аумағынан шығару шаралары қабылдануда. Қазіргі уақытта әрбір факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Алматы полициясы мұндай жағдайлар, ең алдымен, ата-аналар мен заңды өкілдердің жауапкершілігін, сондай-ақ балалардың үйден тыс жердегі мінез-құлқына тиісті бақылау жасауды талап ететінін ескертеді.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар