Алматыда жаппай төбелеске қатысқан шетелдік студенттер депортацияланады
Фото: бейнеден кадр
Алматыда жаңа жыл қарсаңында жаппай төбелес ұйымдастырған Үндістаннан келген алты студент Қазақстаннан шығарылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек барлық алты құқық бұзушының қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитынын айтып, жағдайға түсініктеме берді. Депортациялау туралы шешім қолданыстағы заңнама шеңберінде қабылданды.
«Арасында біздің студенттер жоқ. Бұл олардың жеке мәселесі, қазір Алматы полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр, нәтижесін күтейік. Мен елшілікпен тікелей байланыстамын, біз сөйлесіп, осы студенттерді депортациялау туралы бірлескен шешім қабылдадық. Бұл біздің ұстанымымыз. Президент жақында берген сұхбатында әрбір шетелдік өз еліндегі заңдарды сақтағандай Қазақстан заңын да сақтауға міндетті екенін айтты. Депортация мәселесі елшілікпен шешілді», деді министр.
Барлық қатысушылардың жеке басы анықталды. Бұзақылық туралы қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
- Қонаев қаласы маңындағы 1 гектар аумақта қамыс өртенді
- Туризм министрлігі америкалық тревел-блогерді неге күтіп алмады? Министрліктің ресми мәлімдемесі
- Наурыз ҰБТ: Ереже бұзған 264 талапкердің нәтижесі жойылды
- 13 теңгелік бензин: Иран өзін-өзі қалай алдап отыр?
- Ең көп жалақыны кім алады? Министрлік табысы жоғары мамандарды атады
- Жоқ малға субсидия алған: 3 миллиард теңгеден астам залал келтірген 15 адам сотталды
- Бішкекте зираттарға не үшін бейнебақылау камералары орнатылып жатыр?
- Трамп өзін қолдамаған НАТО одақтастарын жазаламақшы
- АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің алғашқы раунды 11 сәуірде өтеді — Ақ үй
- Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі болды
- Бітім қыл үстінде: Израиль соққыларынан кейін Иран Ормуз бұғазын қайта жапты
- 14 күндік келісім: Пезешкиан Пәкістанға делдал болғаны үшін алғыс білдірді
- Қырғызстанда қазақстандық әйелге бала саудасы бойынша үкім шықты
- Италия сапары мен қымбат тұрмыстық техника: Астанадағы қалалық емханада 675 млн теңге жымқырылған
- Перизат Қайрат түрмеде тазалықшы болып жұмыс істеп жүр
- Тоқаев Корея президентінің арнаулы өкілімен қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылады
- Қазақстан Түркияның әскери мүлкі мен әскери қызметкерлерінің транзитіне рұқсат береді
- Мәжіліс депутаты радикал діни ағымдарға заңмен тыйым салу мәселесін қайта көтерді
- Мемлекеттік қызметкердің есірткіге әуестігі тексеріледі: Мәжіліс заң жобасын қарап жатыр
- Магнус Карлсенмен суретке түскен Алуа Нұрман халықаралық турнирден 2-орын алды