Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды
Фото: Instagram.com/adiletkhan
Атышулы Әл-Фараби даңғылындағы көлік апаты туралы резонанс істе жарияланымдар жасаған заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ақпаратты оның әріптесі Нұртуған Өмірзақ өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.
«Түнгі сағат 23:45 біз департаменттің алдында тұрмыз. Әл-Фараби көшесіндегі көлік апаты туралы қорықпай, басын сұғып шындықты айтқан Әділетхан бауырымды департаментке жауап аламыз деп шақырып, кейін оны қамап тастады. Біз адвокаттық куәлігімізді көрсетсек те, ешқандай түсініктеме бермей, оны қорғау құқығын шектей отырып бізді ішке кіргізбей отыр», – деді Нұртуған Өмірзақ.
Айта кетейік, Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында қайғылы оқиға болып, 3 адам сол жерде тіл тартпай кеткен еді. Полиция қызметкерлерінің бұл іске қатысы бар-жоғын бірінші болып заңгер Әділетхан Молдахан айтқан еді. Өз сөзінде ол сол түні Zeekr және тағы бірнеше көлік Достық даңғылынан бастап жарыс ұйымдастырғанын ашық көрсетті. Оның мәліметінше, көліктер әл-Фараби бойынша сағатына 250 км жылдамдықпен жүріп, қос тұтас жолды кесіп өтіп, жалған нөмірлерді пайдаланған делінді. Сондай-ақ, Молдахан арасында жоғары лауазымды полиция қызметкеріне тиесілі көлік болуы мүмкін екенін айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды
- Тоқаев ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жобасын мақұлдады
- Трамп: АҚШ Ирандағы әскери операцияларды тоқтату мәселесін талқылап жатыр
- Жеңіл пайда: TikTok-та халықты алдап 20 млн табыс тапқан адам ұсталды
- Ұлттық, діни және әлеуметтік алауыздық. Бас прокуратура үндеу жасады
- Енді Қазақстан сарбаздары швед үстелінен тамақтанады
- Ирандық спорт командаларына «дұшпан» елдерге баруға тыйым салынды
- Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Исабаева Астанада фотосессия жасады
- Пәкістан мен Ауғанстан неге соғысып жатыр?
- Ормуз бұғазындағы қиындық: Жапония Қазақстан мен Әзербайжаннан мұнай импорттайды
- AIRAN жобасының жұмысы тоқтады
- «Екі жыл бойы қысым көрді»: Атыраудағы оқушы қызды пышақтауға мектептегі буллинг себеп болған
- Стамбұл әуежайында түрік актрисасы Ханде Эрчел ұсталды
- Қатарында басшылар да бар: Ұлытауда бәс тіккен 30-дан аса мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды
- Қазақстанның қай өңірінде су тасқыны қаупі төніп тұр?
- Маңғыстауда мектептегі акт залының төбесі құлады: Полиция қылмыстық істі тоқтатты
- Исламтанушы ел ішінде арандатушы уағызшылар көбейгенін айтты
- Қарақшылар 3 минут ішінде Италиядағы музейді тонап кетті
- Шығын — 10 млрд теңге: Қаржы пирамидасын басқарған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды
- БҚО-да полицияға бағынбаған бір топ адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды