Алматыдағы жол апатынан ер адам көз жұмды

cover

25 сәуірде сағат 19:00 шамасында Талғар ауданында қайғылы жағдай орын алды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Hyundai HD270 жүргізушісі батыс бағытта Ақбұлақ-Талғар тас жолымен келе жатып, үш сиырды қағып кеткен, - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

33 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Іс бойынша, қажетті сараптамалар тағайындала отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар