Алматыда тісін жұлдырған бойжеткен көз жұмды

cover

Алматы қаласында 26 тамыз күні тіс емханаларының бірінде 22 жастағы бойжеткен көз жұмды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Оқиға Zhaloby Almaty парақшасында жарияланды.

Мария есімді бойжеткен күйеуге шығуға дайындалып жүрген, той алдында тістерін емдетіп алмақшы болады. Ол ақыл тісін жұлғызбақшы болып тіс клиникасына барады. Дәрігерлер оны бір емес, төрт бірдей тісін алып тастауға кеңес берген. Ота жасау үшін бойжеткенге наркоз салынған.

6 сағат бойы одан еш хабар болмаған. Артынша, суық хабар келген.

Дәрігерлер «Мария анафилактикалық шок алды» дейді. Олардың айтуынша, бойжеткеннің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер 2 сағат күрескен.

Емханаға неге жедел жәрдем шақырылмаған деген сұраққа олар өздерінің жансақтау бөлімі бар екенін айтқан.

Бойжеткен 29 тамызда жер қойнауына тапсырылған.

– Емхана қызметкерлері бір бума ақша алып келді. Алайда әкесі ақшаны алудан бас тартты, - деді Марияның туыстары.

Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция департаменті іс бойынша тексеру амалдары басталды деп мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар