Алматыда сауда орталығындағы жеңілдік соңы қиратумен аяқталып, келушілер таратылды

cover

Алматыда сауда орталығындағы бутиктердің бірінде төмендетілген бағамен сауда жүріп, соңында жұрт жаппай төбелесіп, салдарынан басқа бутиктердің терезелері зақымданды, деп хабарлайды Orda.kz.

Төбелестің видеосы Instagram желісіндегі @100baksoff қоғамдық парақшасында пайда болды.

«Бүгін сауда жасаушылардың көптеп келуіне байланысты Алматы сауда орталығында төтенше жағдай орын алды. Жиналған халықтың көптігі соншалық, бірнеше сауда нүктелері мен дүкен сөрелерін қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция шақырылып, адамдарды эвакуациялауға тура келді» деп жазады жұртшылық. 


Orda.kz тілшісі сенбі күні полиция Мәскеу сауда орталығына келушілерді түгелдей алып кеткенін хабарлады. Сауда кешені қоршалып, барлық есіктер жабылды. Эвакуация кезінде апаттық сирена іске қосылды. Редакция Алматы полициясынан мән-жайды анықтауды сұрады, бірақ департаменттің баспасөз қызметінен әлі ақпарат түскен жоқ.


Orda.kz тілшісі оқиға орнында анықтағандай, Мәскеу сауда үйінің дүкендерінің біріндегі дүрбелең салдарынан адамдар асығыс сыртқа шығарылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар