Алматыда салынып жатқан крематорийді қолданысқа өткізу мерзімі қайта шегерілді

cover

Алматыдағы крематорий 2021 жылдың соңына дейін аяқталады, деп брифингте Алматы қалалық жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

2021 жылдың сәуір айында Нұрашев пандемия кезінде аса қауіпті медициналық қалдықтардың көп мөлшері пайда болғанын айтқан: бетперделер, обаға қарсы костюмдер, ПТР сынақтарын тапсыруға арналған құралдар. Сондықтан, жоғарыда аталған заттар мен марқұмдардың денелерін өртеуге пайдаланатын нысан салу туралы шешім қабылдаған. Ол 2021 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілуі керек еді. Бірақ қолданықа өткізу мерзімі біраз шегерілген.

Нұрашевтің айтуынша, қазірдің өзінде нысанда чехиялық компания шығарған жабдықты іске қосу және орнату жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін мамандар Алматыға келген болатын.

Еске салсақ, крематорий салуға 1,47 млрд теңге жұмсалған.

– 2020 жылы 2-ЖЭО-ның оңтүстігінде патологиялық анатомиялық бюроны пайдалануға береміз. Бұл нысан функционалдық мақсаты биологиялық және медициналық қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысатын филиал болады. Нысан осы жылдың соңына дейін аяқталады, - деп Нұрашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте уәде берген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар