Алматыда футбол қақпасы баланың үстіне құлап кетті

cover

Алматыда футбол қақпасы баланың үстіне құлап түскен. Нәтижесінде ол жарақат алған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– 4 сәуірде менің құрбымның ұлы №8 шағынауданның, 79 үйінің ауласында ойнаған. Футбол алаңындағы темір қақпа оның үстіне құлап кеткен. Анықталғандай, олар бетонға бекітілмеген, - деді қала тұрғыны Ольга Катаевская өзінің Instagram парақшасында.

Төтенше жағдай салдарынан бала түрлі жарақат алды. Оған жабық краниоцеребраль диагнозы қойылды. Жедел жәрдем тобы зардап шегушіні балалар медициналық орталығына жеткізді.

– Ілеспелі жарақат, жабық краниоцеребральды жарақат, ми шайқалуы, жамбас сүйектерінің жабық сынуы диагнозы қойылды. Балаға көмек көрсетілді, - деді жедел жәрдем дәрігерлері.

Әкімдік балалар алаңы мен футбол алаңы 2016 жылы абаттандырылғанын айтады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар