Алматыда ер адам мас күйінде Эйфел мұнарасынан секіріп кетпек болды

cover

Алматы полициясының қызметкері өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды Эйфель мұнарасынан түсірді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнде «102» пультіне хабарлама түскен. Қоңырау шалғандар белгісіз ер адамның Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан мұнарадан секірмек болғанын айтты.

– Полицейлер келген кезде Француз үйінің күзетшісі мұнараға шығып алған ер адаммен келіссөздер жүргізіп жатқан. Ал «Боран-160» экипажының патруль қызметкерлері оны жерге түсуге көндіре алмай қалған жағдайға дайын болып, тосып алу үшін шатырды керіп тұрды, - деді Полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің қызметкері Талғат Сейілбаев.

Ыңғайлы сәтті күткен Талғат Сейілбаев жоғарыға көтеріледі. Артынан жасырынып келіп, күзетші екеуі ер адамды ұстап, баспалдақпен төменге түсірді.

Ер адам қатты мас болған және өзінің әрекетін түсіндіре алмаған. Патрульдік бригада оны Бостандық аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Ер адамның жеке басы анықталды: ол нақты тұрғылықты жері жоқ, 1977 жылы туған азамат М. Есін жиған ол тәртіп сақшыларына беймаза өмірдің кесірінен осындай қадамға баруға шешім қабылдағанын айтқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар