Алматыда дәрігерлер салғырттығынан ер адам көз жұмды

cover Скриншот

Алматы облысында екі аурухананың дәрігерлері науқасқа уақтылы тиісті көмек көрсетпегентіктен, ол аурухана қабырғасында көз жұмды. Марқұмның жақындары дәрігерлерді жауапқа тартуға ниетті.

Алғашында пышақ жарақатын алған ер адам Талғардағы ауруханаға жеткізілген, алайда ол жерде тиісті көмек алмай, үйіне қайтарылған. Артынша ер адамды № 4-ші қалалық ауруханаға жеткізген. Онда да дәрігерлер науқастың жарақатын қауіпті деп танымай, оған көмек көрсетпеген.

КТК телеарнасының хабарлауынша, араға бес ай салса да, марқұмның жақындары дәрігерлерді жауапқа тарта алмай отыр.

Марқұмның әпкесі Аида Жетпісбаева дәрігерлерді жауапқа тарту үшін осы күнге дейін Талғар полиция департаментінің табалдырығын тоздырған.

«24 тамызда інімнің өліміне дәрігерлер кінәлі деп танылған арыз жаздық. Осы уақытқа дейін қылмыстық іс қозғалды ма, ол қай сатыда, бұл іс бойынша қандай куәгерлер сұралды, қандай сараптамалар тағайындалды, білмеймін. Тергеуші де, тергеу бастығы да байланысқа шықпайды, қоңырауларға жауап бермейді, келсем шықпайды» дейді марқұмның әпкесі.

Аида полиция бастығы мен Бас прокурорға бірнеше арыз жазған. Тергеушіден еш хабар болмағандықтан, тіпті оны ауыстыруға өтініш тастаған. Алайда, оны еңбекқор жұмысшы деп танитын басшылық тергеушіні жұмыстан шеттету дұрыс емес деп шешкен.

«Екінші шағым қолжазба сараптамасын тағайындау өтінішімен берілді. Өйткені, шығару парағында «Дәрігердің қабылдауы» бағанының орнына науқастың ауруханаға жатудан бас тартқаны туралы жазба болған. Талғардың №1-ші ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, ол ауруханаға жатқызуды қажет етпеген. Ол өз аяғымен жүріп кеткен. Ал негізінде, оған ауруханаға жатуды мүлдем ұсынбаған» дейді Аида.

Ол дәрігерлер жараның қауіпті екенін бірден анықтағанда 39 жастағы інісі бүгін жанымызда болар еді деп қынжылады.

Не болды?

Тамыз айында ер адам мен әйелінің арасында жанжал шыққан. Әйел өзін қорғау мақсатында оған пышақ сұққан. Бірақ бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оны қарап, үйге қайтарып жіберген. Келесі күні ер адам қайта ауруханаға барған. Онда да дәрігерлер жарадан еш қауіп көрмеген. Алайда араға бірнеше уақыт салып, 39 жастағы ер адам қансырап өлген.

«Ауруханаға өз аяғымен келді. Барлық процедуралардан өтті. Ол соққы алған жерінде бес минуттан кейін қаза болған жоқ қой. Ол екі күннен кейін қайтыс болды. Оған екі ауруханада да көмек көрсетілмеді. Екі күн одан қан кетуіне жол берді» дейді марқұмның қан жұтқан әпкесі.

Полицейлер Аидаға сараптамалық комиссияның қорытындысы шықпағанын алға тартты.

«Біз фармацевтикалық компанияға тергеу жүргізетін хат жібердік. Олар осы тексеруді жүргізеді. Біз оларға екі рет хат жаздық. Олар бізге әлі жауап бермеді. Жауап әлі келген жоқ» деді Талғар аудандық полиция департаменті бастығының орынбасары Асхат Ильгидаев.

Сондай-ақ, полицейлер іс облыстық департаментке жіберілгенін және тергеушінің өзгергенін түсіндірді.

«Жәбірленуші тараптың өтініші бойынша одан әрі тергеу басқа тергеушіге тапсырылды. Бұрын тергеу жүргізген полицейге қатысты қызметтік тексеру басталды» деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сәйділдин.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар