Басы кесілген қойшы жапан даладан табылды

cover Скриншот

Алматы облысы Балқаш ауданының жергілікті тұрғындары ағасының басын ала алмай отыр.

Бұл туралы Orda.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлады.

45 жастағы қойшы 23 тамызда жоғалып кеткен. 6 қыркүйекте ер адамның жақындары оның денесін Бірлік ауылы маңындағы 8 шақырым жерден тауып алған.

Сараптама нәтижесінде, оның басына оқ тиген делінген.

Тергеу кезінде қажетті сараптамалардан өткізу үшін мамандар қойшының басын алып қалған.

Марқұмның жақындары ағаларының басы мен денесі бөлшектенгендіктен оның жазасын да шығармаған.

– Ағамыздың басын экспертизаға қажет деп бермей алып қалды. Денесін алып, жер қойнына тапсырдық. Бірақ жаназа оқытылған жоқ. Полицейлер өздеріне тиісті жұмысты дұрыс атқарған жоқ. Біздің олардың жұмыстарына көңіліміз толмайды,- деді марқұмның бауыры Нұрлан Ниязов.

Жергілікті полиция орын алған оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар