Алматыдағы үстіне қақпа құлаған бала ауыр хәлде

cover

Алматыда тұрғын үйдің ауласындағы алаңда орналасқан футбол қақпасы ойнап жүрген баланың үстіне құлады. Ақпарат интернетте тарады. Бұл оқиға бойынша Әкімдік түсініктеме берді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Аула алаңынан бейне Instagram-да жарияланды.

— Аулада құрбымның ұлы ойнап жүрген болатын, оның үстіне футбол алаңындағы темір қақпа құлады. Олар бетонға бекітілмеген! Бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, — деп жазды желі қолданушысы.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл мекенжай бойынша 2020 жылы «EC-EnergyQazaqstan» ЖШС мердігерлік ұйымы аула аумағын жөндеуден өткізгенін хабарлады. Жұмысқа тапсырыс беруші — Әуезов ауданы әкімдігі.

— Сметаға сәйкес, жалпы ауданы 360 шаршы метр болатын балалар алаңының резеңке жабынын ауыстыру және жалпы ауданы 340 шаршы метр болатын футбол алаңының қоршауын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 2016 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында жоғарыда аталған мекен-жайда балалар алаңын, футбол алаңын абаттандыру және сыртқы жарықтандыруды орнату жұмыстары жүргізілді, содан кейін балалар алаңы мен футбол алаңы «үйлерді басқару — 14» ПКСК ұстауға берілді, - деді коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Азат Кәкетаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар