Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

cover

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Қалалық полиция департаменті жол апатының 27 қараша күні сағат 20:20 шамасында болғанын хабарлады.

Yutong маркалы автобусты басқарған С., есімді жүргізуші  М.Жұмабаев көшесімен келе жатып, І.Жансүгіров көшесінің шығыс бағытындағы  жол өткелі белгіленбеген жерде солтүстік бағытқа қарай М.Жұмабаев көшесімен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Салдарынан 40-45 жас шамасындағы белгісіз жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Салтанат Хишанло.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар