Алматыда автобус әйелді қағып өлтірді

cover inform.kz

Алматыда автобус әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды ORDA. тілшісі.

Қалалық полиция түсіндіргендей, адам өліміне әкеп соққан апат 19 қаңтарда таңғы сағат 7-де болды.

«1969 жылы туылған азамат А., 81 маршрутты автобус көлігін Емцов көшесімен оңтүстік бағытта жүргізіп келе жатып, Рысқұлов көшесінің қиылысында солға бұрылған кезде жол бойымен өтіп бара жатқан жаяу жүргінші - 1974 жылы туған азаматша А.-ны қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан алған жарақаттары салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады департамент.

Бұл факт ERDR-де ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелген. Қылмыстық істі Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасы жүзеге асырады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар