Алматыда 112 азаматты алдаған алаяқ қалайша рақымшылыққа ілінді?
Фото: freepik.com
Бостандық ауданы №2 сотында 112 адамды тақырға отырғызған алаяққа үкім шықты. Сот оны кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Алайда, сотталушы рақымшылыққа ілініп, жазасы қысқартылып шыға келді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот бастапқыда айыпталушыны кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Алайда, конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық туралы заңға сәйкес, жаза мерзімі 1/5 бөлігіне қысқартылып, түпкілікті бес жыл жеті ай алты күнге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде 112 жәбірленушінің жетеуіне келтірілген шығынды ішінара өтеуі есепке алынды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Азаматтық талап-арыздар толық қанағаттандырылып, айыпталушыдан жәбірленушілердің пайдасына 168 миллион теңгеден астам қаржы өндірілді», деп хабарлады сәрсенбі күні жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Сотта анықтағандай, айыпталушы оқу орталығын ұйымдастырып, басқарған. Интернеттегі агрессивті жарнама мен балаларды шетелдік ЖОО-ларға 100% түсіреміз деп уәдені үйіп-төкен. Сондай-ақ, Foundation бағдарламасы бойынша өз елінде оқытамыз деген желеумен 112 азаматты алдап, 168 миллион теңгеден астам қаражат жинаған.
Жаңалықтар
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі