Алматы пәтерлерінде жылу қашан өшірілетіндігі хабарланды

cover

Алматы қаласының әкімдігі жылытуды қашан өшіретінін хабарлады.

Ақпарат Zakon.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Алматы қаласының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы ағымдағы жылдың сәуір айындағы ауа температурасын анықтау үшін «Қазгидрометке» сұрау жібергенін хабарлады.

— Алматы қаласында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларының 6 - тармағының 25-тармақшасына сәйкес, сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы плюс 8 және одан жоғары болғанда 5 күнтізбелік күн ішінде Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды, - деп түсіндірді Басқармада.

Осылайша, 2021 жылы жылуды өшірудің нақты күні кейінірек белгілі болады. Әдетте жылыту шамамен 15 сәуірде өшіріледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар