Алматы-Қорғас тас жолында 20-ға жуық көлік соқтығысты

cover

Алматы-Қорғас тас жолында 20-ға жуық көлік қатысуымен жол апаты болды, зардап шеккендер бар.

«25 желтоқсан күні сағат 10.00 шамасында 134 шқ. «Алматы-Қорғас» жолында ауа райының қолайсыздығынан қою тұман түсіп, 17 көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам зардап шекті, олар медициналық тексеруден өту үшін Шелек кентіндегі облыстық ауруханаға жеткізілді» деп Алматы облысының полиция департаменті баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді.

Оқиға орнында патрульдік полиция бөлімшелері жұмысын жалғастырып жатқаны атап өтілді.

«Жолдың 84-тен 136 шақырымға дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін жабылды» деп қосты полицейлер.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар