Алматы облысында өзіне қол жұмсаған баланың інісі орталыққа орналастырылды

cover Фото: Orda.kz

Алматы облысының Саймасай кентінде алтыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсағаннан кейін марқұмның інісі арнайы орталыққа орналастырылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алматы облысының білім басқармасы баланы балаларды қолдау орталығына орналастырды. Ал отбасындағы үлкен ұл колледжде оқуын жалғастырып жатыр, оған жатақханадан орын берілді.

Бұл жағдай бойынша аудандық білім бөлімі мен білім басқармасының мобильдік тобы жағдайды толық зерттегенін хабарлады. 

«Мектеп психологының диагностикалық жұмысының нәтижелері бойынша сынып жетекшісіне тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, оқушының анасымен баланың эмоционалды жағдайын тұрақтандыру үшін баламен жеке жұмыс жүргізу қажеттілігі туралы әңгіме болды. Алайда, анасы психологиялық көмектен жазбаша түрде бас тартты»,  деп хабарлады басқарма.

Сонымен қатар, полиция департаменті алтыншы сынып оқушысының қайтыс болу фактісі бойынша жедел-тергеу іс-қимылдарын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Саймасай ауылында 12 жастағы бала есік алдында тапа-тал түсте жіпке асылып қалды. Марқұм бала 27 қазанда үйінің есігінің алдында күнделікті ойнап жүрген әткеншегінің жібіне асылған күйде табылды. Туыстарының айтуынша, дәл сол сәтте үйде үлкендерден ешкім болмапты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар