Алматы облысында метал қабылдау орнында болған жарылыстан үш адам қаза тапты

cover Фото: Envanto

Алматы облысында метал қабылдау аумағында болған жарылыстан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға орнына дереу жедел-құтқару қызметтері, полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем бригадасы жетті.

«Алматы облысының Іле ауданындағы бір метал қабылдау орнында болған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Белгісіз заттың жарылуы салдарынан үш адам қаза тапты»,  деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар