Алматы әкімі Сағынтаев қалада спортқа баулу қалай жүретінін айтты

cover

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында балалардың Алматыда дене тәрбиесі мен бұқаралық спортқа қалай тартылатынын айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Оның айтуынша, мегаполисте жалпы қалалық спорттық инфрақұрылымнан басқа, мектеп спорттық аймақтарының әлеуеті дамитын болады.

 – Өткен 2020-2021 оқу жылында МЖӘ аясында мектеп жанындағы 4 спорт алаңы жаңғыртылды. Биыл жыл соңына дейін 61 мектептің жанындағы спорт нысанын жаңғыртуды аяқтаймыз. Онда 73 футбол, 63 волейбол мен баскетбол алаңы, сондай-ақ воркаут-аймақтар мен жүгіру жолдары бар, - деп жазды Сағынтаев.

Ол мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын орындау жалғасын табатынын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар