Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мәдениет вице-министрі болды

cover

Үкіметтің қаулысымен Ерлан Қожағапанов Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1992 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін бітірді.

1999 – Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік университетін бітірген.

2006 жылы Ресей кеден академиясын бітірді. Мамандығы бойынша - заңгер, экономист, қаржыгер, кеден маманы.

Еңбек қызметін 1989 жылы бастаған.

  • 1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
  • 1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеді.
  • 2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
  • 2013-2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, Футбол федерациясының президенті болып жұмыс істеді.
  • 2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қарашасына дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.
  • 2017-2020 жылдары - Мәдениет және спорт вице-министрі.
  • 2020 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар