Алматы: 400 миллион теңгеге алдап кетті деген күдікті ұсталды

cover

Polisia.kz Алматыда 400 миллион теңге көлеміндегі сомаға адамдарды алдап кеткен күдікті ұсталғаны туралы хабарлады.

ШҚО тумасы 2014 жылдан бастап «Хан Тенгри» тұрғын үй кешенінен «жалға берілетін тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша үй алып беремін деген сылтаумен азаматтарды алдап келген. Оның әрекеті 400 миллион теңге материалдық шығын келтірді.  

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі, 2-тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-131 баптарына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Азаматтың заңсыз әрекеттері салдарынан зардап шеккендерді мына мекенжайға жүгінуге шақырамыз: Алматы қ., Масаншы к-сі, 55 үй, Алматы қаласы ПД ТБ ОРППОП ішкі істер органдарының аға тергеушісі, полиция майоры И.Г.Литвиненко ж.т. 261-84-90, 254-40-59 және 8-775-284-55-56», - дейді Алматының ПД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар