«Алқаш» деді»: мас ер адам 15 жастағы қызын 16 рет пышақтап өлтірді
Фото: freepik.com
Алматы қаласы Талғар ауданынан тағы тыныштық кетті. Тұздыбастау ауылында ер адам өз қызын пышақтап өлтірді.
Orda.kz тілшісі қайғылы оқиға болған отбасының туысына хабарласып, істің мән-жайын сұрастырды.
Әсел Сағатова есімді келіншек қанды қылмыстың қалай болғаны туралы сөз қозғады. 10 қараша күні кешкі 18:00 шамасында ішімдікке сылқия тойған ер адам ас бөлмесіне кіріп су ішпек болады. Сол жерде 15 жастағы қызы тамақ істеп жүрген. Сол сәтте екеуі сөзге келіспей қалады. Жанжал ер адам қызымен суға таласып қалған кезде басталады. Ашуға булыққан ер адам ас үйдегі пышақпен өз қызын 16 рет пышақтап, бетін тілгілеп тастады. Қайғылы оқиға кезінде үйде ешкім болмаған. Өз әкесі пышақтаған жасөспірім көп қан жоғалтып, оқиға орнында көз жұмды. Ер адам мастығынан айыққанда туыстарына жасаған қылмысы туралы өзі хабар берген.
«Әкесі менің қайын атама хабарласып: «қызымды өлтіріп алдым. Мен де өлемін» деген. Ол кісі елде карантин болғалы бері жұмыссыз. Әйелі жұмыс істейді. Марқұм қыз үйдің ортаншысы. Бұл оқиға болған кезде анасы жұмыста, екі бауыры сабақта болған», — дейді Әсел Сағатова.
Марқұмның туысының айтуынша, ер адам мен қызы бұған дейін бір-біріне қырғи қабақ танытып жүрген. Әкесінің ішімдікке әуес болып, отбасының шырқын бұзып жүргеніне намыстанған қыз полиция шақыртып, әкесін бірнеше рет бұзақылығы үшін қаматқан. Әкесі сол үшін қызына тіс қайрап жүрген. Қылмыс болғаннан кейін ер адамның өзі полиция бөлімшесінде туысымен сөйлесіп отырып:
«Алқаш деп айтты. Содан кейін не істегенімді білмей қалдым. Көзім байланып қалды», — деп айтыпты.


Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал қайғыдан қан жұтқан отбасында марқұмның анасы мен 2 бауыры қалды.
Orda.kz марқұмның анасына хабарласып, көңіл айтты. Қызынан айырылған ана:
«Полицияның ісіне көңілім толмады», — деген бір ауыз сөз айтып, әңгімені бітірді.
Оның полицияға не үшін көңілі толмағаны құпия болып қалды.
Алайда, Алматы облысы ПД күдіктіні дереу ұстап қамағанын мәлімдеді.
«Алматы облысының полиция қызметкерлері кісі өлтірді деген күдікпен Тұздыбастау ауылының тұрғынын ұстады. Полицияға 15 жастағы студенттің қазасы туралы хабарлама отбасының туысынан келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күйінде тұрған күдіктіні ұстады. Сондай-ақ, үйде қылмыс құралы тәркіленді», - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаментінің ерекше бақылауында екен.
Айта кетейік, марқұмның туыстары көз жұмған қыздың суреті мен аты-жөнін жарияламауды сұрады.
Еске салайық, Ақтөбе облысында ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салды.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді