Алғабастағы өрттен зардап шеккендердің бірі санавиациямен Шымкентке жеткізілді
Фото: gov.kz
Түркістан облысындағы алапат өрттен зардап шеккен ер адам Шымкент қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы өңірдегі ТЖД баспасөз қызметі ақпарат таратты. «Қазавиапас» авиациялық қызметінің ЕС 145 тікұшағының экипажы Түркістан облысы Жетісай ауданынан санитарлық рейс жасап, 1986 жылы туған ер адамды Шымкент қаласына жеткізді.
«Жетісай ауданында жедел көмек көрсетуге қажет арнайы аппаратура санының шектеулі болуына байланысты ер адамды Шымкент қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізу керек болды», — деп хабарлады Түркістан облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Зардап шеккен ер адам Шымкент қаласының гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.
Айта кетейік, Жетісай ауданының Алғабас ауылында 12 адамның, соның ішінде 9 баланың өмірін қиған өрттің себебі анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр тоғын қолданатын тұрмыстық құрылғылар қосылған желідегі сүзгіде ақау болған. Толық қорытынды сараптама мен тергеу аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады.
Жаңалықтар
- АҚШ пен Ресей Украинадағы соғысқа қатысты құпия жоспар дайындап жатыр
- «Ең ауыр атыстың бірі»: Ресейдің Тернопольге шабуылынан кейін 19 адам қаза тапты
- Алғабастағы өрттен зардап шеккендердің бірі санавиациямен Шымкентке жеткізілді
- Өскемендегі түрмеде бағынбаған сотталушыларға қарауыл оқ атты
- Түркістанда 12 адамның өмірін жалмаған өрттің алдын ала себебі анықталды
- Ақтөбеде пара алған білім саласының төрт бірдей қызметкері айыппұлмен құтылды
- БҚО-да мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы ұсталды
- Депутаттар азаматтық-құқықтық шартқа тыйым салып, шетелдіктердің айлығын қысқартпақ
- Алматыдағы Баум тоғайында он мың ағаш түп-тамырымен жойылып, орнына тұрғын үй салынуы мүмкін
- Астанада қайтыс болған фельдшердің отбасына қандай төлем төленеді?
- Ақтөбеде 64 жастағы ер адам 14 жастағы қызды жүкті қылды: Өңір басшысы не деді?
- Алғабастағы өрттен аман қалған 3 адамның жағдайы өте ауыр – министрлік
- Құлыбаевтар Halyk Bank-тегі үлестерінің бір бөлігін сатпақ
- Мәжілісмендер балалары мен науқас туыстары бар ата-аналардың жұмыс күнін қысқартуды ұсынды
- Ақмарал Әлназарова елде өршіген тұмауға қатысты пікір білдірді
- БҚО-да 10 жастағы қыз зорланғаннан кейін шенеуніктер тергеуге алынды
- «Кеше сүндет той, бүгін жаназа»: Алғабаста 12 адамды жалмаған өрттен аман қалуға мүмкіндік болды ма?
- «Қолын байлап кетіп қалған»: Қарағандыда бір әйел 4 жастағы ұлын азаптады
- Алғабаста өрттен қайтыс болған отбасы жайлы не белгілі?
- Ұлтаралық алауыздық қоздырған «Северный Казах» бас бостандығынан айырылды