«Алғабастағы алапат өрт»: Аман қалған тағы бір адам тікұшақпен Шымкентке жеткізілді

cover Фото: gov.kz

Түркістан облысында жеке үйде болған өрттен зардап шеккен тағы бір адам тікұшақпен Шымкентке жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ведомствоның мәліметінше, «Қазавиақұтқару» авиациялық қызметінің тікұшағы Түркістан облысының Жетісай ауданынан Шымкент қаласына ұшып барған. 

Жетісай ауданында шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті арнайы жабдықтар жеткіліксіз болғандықтан, науқасты тасымалдау қажет болған. Алапат өрттен аман қалған 1990 жылғы азаматша Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.

Айта кетейік, Жетісай ауданының Алғабас ауылында 12 адамның, соның ішінде 9 баланың өмірін қиған өрттің себебі анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр тоғын қолданатын тұрмыстық құрылғылар қосылған желідегі сүзгіде ақау болған. Толық қорытынды сараптама мен тергеу аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар