Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды

cover Коллаж: Orda.kz

Әлеуметтік желілерде «Атыраудан шыққан хакер» деген бүркеншік атпен танылған Атырау облысының тұрғыны Түркияда ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, ер адам алаяқтықтың бірнеше эпизоды бойынша күдікті ретінде қаралып жатыр. Хакер адамдарға инвестиция, IT-оқыту, аккаунттарды бұғаттан шығару және ақшаны шығарып алуға көмектесу секілді түрлі қызметтерді ұсынып, алдаған. Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген жалпы шығын 13 миллион теңгеден асады.

«Қаңтар айында Атырау соты оған қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, содан кейін күдікті халықаралық іздеуге жарияланды. Ақпан айында оның жүрген жері Түркияда анықталып, сол жерде ұсталды», деп хабарлады облыстық прокуратура.

Қазір Қазақстанның Бас прокуратурасы оны елге экстрадициялау үшін құжаттарды дайындап жатыр.

Бұған дейін ер адам интернетте Атырау облысында бір отбасының жоғалуын өз бетінше тергеп жүргенін мәлімдеген видеолар жариялағаннан кейін танымал болған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар