Әлемге әйгілі Лувр мұражайын тонады: Макрон қарусыз келген ұрыларға қатысты мәлімдеме жасады

cover Фото: Depositphotos.com

Париждегі Лувр мұражайындағы тонау ісі тергеліп жатыр. Ұрылар әлі ұсталмады. Полиция жаңа деректерді жариялады, деп хабардайды Orda.kz.

Қылмыс 19 қазан күні таңертең болған. Балаклавадағы төрт ұры Сена жағалауындағы ғимаратқа жақындап, Аполлон галереясының терезесіндегі жылжымалы баспалдақпен көтеріліп, ішке кірген. Полицияның айтуынша, олардың қолында қару-жарақ болмапты. Олар алты-жеті минут ішінде бағалы заттарды алып, кейін мотоциклмен қашып кеткен. 

Францияның мәдениет министрлігі мұражайдан Наполеон дәуіріндегі коллекциялардан сегіз зергерлік бұйым ұрланғанын растады. Олар:

  • Мари-Амелия мен Гортензия патшайымдарға тиесілі жақұт орнатқан тәж (тиара), алқа және сырға;
  • Мари-Луиза жиынтығынан зүбәржат әшекей және жұп сырғалар;
  • Тұмар түйреуіш;
  • Үлкен түйреуіш және Евгения патшайымның тәжі (диадема).

Евгения патшайымның тәжі ұрылар қашып бара жатқанда түсіп қалған. Кейінірек ол мұражайдың жанынан табылды. Drouot аукцион үйінің бағалауы бойынша, бұл тәждің құны ондаған миллион еуро.

Бір қызығы, қарақшылар Regent гауһарына қол тигізбеген. Ол Аполлон галереясында орналасқан Луврдың негізгі экспонаттарының бірі. Оның құны 60 миллион доллардан асады. 

Тергеу мәдени құндылықтар саласындағы қылмыстармен айналысатын мамандандырылған полиция бөліміне тапсырылды. Париж прокуроры Лор Бекконың айтуынша, шамамен сатып алатын, болмаса арнайы ұрлауды тапсырған жеке коллекционерлерге қатысты тергеу нұсқасын әзірлеп жатыр.

Франция президенті Эммануэль Макрон ұрланған заттар табылып, кінәлілер жазаланады деп мәлімдеді.

Айта кетейік, қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға таяды. Күзгі демалыс кезінде оқушылар 7 күн демалады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар