Алексей Цой шу шығарған антиваксер аналар туралы пікір білдірді

cover Фото: Sputnik Қазақстан/Владислав Воднев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинаға қарсылық білдірушілер азайып бара жатқанын, ал антиваксерлер «оғаш талаптар» қойып жатқанын айтты.  

Журналистер Цойдан көп балалы аналардың наразылығын білдіруіне қатысты пікірін сұрады.

– Талаптар өте оғаш: міндетті вакциналау қажет емес. Бізде міндетті вакциналау. Өтінемін, қаламасаңыз – екпе салдырмаңыз. Өз келісіміңізді бермейінше ешкім еріксіз түрде вакцина салмайды. Бұл таңдау мүмкіндігі: балаларды қорғағыңыз келе ме – қорғаңыздар. Қорғағыңыз келмесе, табиғи иммунитетке сүйеніңіздер, – деді Цой.

Оның айтуынша, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

– Қазір біз ғана емес, азаматтық қоғам белсенділік танытып отыр: блогерлер де, журналистер де тікелей қолдайды, бізсіз-ақ өздері түсіндіреді. Ресми дереккөз ретінде айтатынымызды біз нақты расталған статистиканың деректерін айтамыз. Біз күн сайын вакциналауға қарсы пост жазатын азаматтардың саны азайып бара жатқанын көріп отырмыз, - деп түсіндірді министр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар