Алек Болдуин фильм түсірілімінде операторды өлтірді

cover

Американдық актер Алек Болдуин «Ржавчина» фильмін түсіру кезінде операторды атып, режиссерді жарақаттады. Полиция аталаған факті бойынша тергеу бастады.

Бұл туралы Orda.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 21 қазан күні Нью-Мексикода ранчода өтіп жатқан ату жаттығуда, яғни түсірілім жүріп жатқан кезде болды. Айта кету керек, негізі атыс қаруы бос оқтармен оқталуы тиіс болған.

Нәтижесінде 42 жастағы оператор мен 48 жастағы режиссер жарақат алды. Әуе операторлары ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оларды құтқара алмады.

Әзірге полиция Болдуинге қатысты ешқандай айып тағып отырған жоқ. Себебі, олар қару-жарақтың неліктен оқ-дәрілермен оқталғанын және актердың не себепті мылтықты оператор мен режиссерге бағыттағанын анықтауы керек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар