Алашорда зиялыларын тыңшылар қалай аңдыған?

cover

Құрметті оқырман, бұл жолы зиялылардың соңына түскен тыңшылардың сөзін бергенді жөн көрдік.

«Алашорда» қайраткерлеріне кешірім жасалғанымен де, олардың соңынан тыңшылық жасау бір сәтке де тоқтаған емес. Ол үшін бұрынғы жандармерия тыңшысынан бастап, қарақшылар мен бандыларды да «ақылы қызметке» тартты. Олар үш айда, жарты жылда және бір жылда сол деректерді жүйелеп, өзінен жоғары мекемеге беріп отырды. Ең соңында олардың үстінен жиналған ақпараттар республикада талқыланып:

«Дулатов жігерлі, алғыр Ғаббасовқа қарағанда өте батыл қимылдайды. Ғаббасов, Бөкейханов үшеуі қазақ қызметкерлерінің ішіндегі ең бас көтерерлері, жоғарыдағы көрсетілген бағытта істелетін жұмыстардың барлығы да осы үшеуінің ақылымен істеледі», - деген мазмұнда мінездеме беріліп, тұрақты түрде Мәскеуге жіберіліп отырды.

1922 жылы ГПУ тыңшысы облыстық өлкелік комитетке Ә. Бөкейхановтың үстінен:

«Қазақстан ақгвардияшыл бандылардан толық тазартылғаннан кейін жаңа ревком техникалық жұмыстарға пайдалану үшін Бөкейхановты Орынборға шақыртты. Ол мұнда аз ғана болды да Семейге қайтып кетті, қазір де сонда. Кеңес өкіметіне қарсы күрескен барлық бұратаналарға жарияланған кешірімнің Бөкейхановқа ешқандай әсері болған жоқ, Байтұрсыновтан бастап алашордашылардың дені РКП(б)-ға мүше болып кеңес өкіметінде жауапты қызметтерде істейді».

«Ұраным-Алаш», Тұрсын Жұртбай

Осылайша большевиктер зиялылардан о бастан-ақ қауіптеніп, оларды барынша аңдып отырған. Яғни, Кеңес өкіметі ұлттың бас көтерер тұлғаларының көзін құртуды ертеден-ақ ойластырғаны байқалады.   

Ықшамдаған Сабина Зәкіржанқызы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар