Ақтөбеде жындыханаға тоғытылған 5 баланың анасы сап-сау болып шықты

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Алматыдағы психикалық денсаулық орталығына түскен ақтөбелік әйел үйіне шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бес баланың анасы Жұлдыз Тілеу 9-22 қазан күндері аралығында Алматыдағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында жатты. Орталықтан шыққан кезде анықтамада «дені сау» деп көрсетілген.

Бұл жаңалықты әйелдің үлкен қызы Құралай Есболова мен отбасына көмектесіп жүрген волонтерлер хабарлады.

«Әділдікке қол жеткіздік!» – деп алғысын айтты жасөспірім.

Ақтөбедегі бұл оқиға жұрттың назарын аударған еді. Бұған үлкен қызы түсірген бейнеүндеуі себеп болды. Балалардың айтуынша, анасының жүйке аурулар ауруханасына түсуіне нағашы апайы кінәлі. 

Қыз апайының бұрын полицияда жұмыс істегенін айтқан болатын. Күйеуі де полиция қызметкері, майор көрінеді. Оның сөзінше, апайы өзінің мүмкіндіктерін айтып анасына: «менімен ойнама, сені жатқызып тастаймын» деп жиі қоқан-лоқы жасаған. Толығырақ тілшіміздің материалынан оқыңыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар