Ақтөбеде пара алған білім саласының төрт бірдей қызметкері айыппұлмен құтылды
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде білім саласының төрт қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Олар «пара алу», «пара беру» және «парақорлыққа делдал болу» баптары бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына айыппұл салынды. Сонымен қатар, барлық айыпталушы өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Үкімді Ақтөбе қалалық сотында судья Тұрсынхан Салықов жарияланды.
Айыпталушылар — мектеп директорлары, аудандық білім бөлімінің қызметкері және облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы.
- Ақтөбе облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Асқар Кемешов Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағы («пара алу») бойынша кінәлі деп танылды. Ол тағылған айыпты мойындап, өкініш білдірген. Бұған дейін сотталмаған, үш баланың әкесі. Сот Кемешовке параның 60 еселенген мөлшері — 7 000 200 теңге көлемінде айыппұл салды және оны өмір бойына лауазымды қызмет атқару құқығынан айырды.
- Екінші айыпталушы — №74 мектептің директоры Гүлзат Бақтарғұлова. Ол ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі («пара беру») бойынша кінәлі деп танылып, параның 15 еселенген мөлшері — 1 050 000 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Сотта Бақтарғұлова Кемешов тарапынан психологиялық қысым болғанын, параны мәжбүрлі түрде бергенін айтты.
- Үшінші айыпталушы — Ырғыз ауданындағы Нарқызыл негізгі мектебінің директоры Алтынгүл Төлегенова. Ол да осы бап бойынша кінәлі деп танылып, 750 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
- Төртінші айыпталушы — Ырғыз аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Алмагүл Бекниязова.
Ол ҚК-нің 368-бабы 1-бөлігі («парақорлыққа делдал болу») бойынша кінәлі деп танылып, параның 10 еселенген мөлшері — 500 000 теңге айыппұл салынды.
Сот материалдарына сәйкес, Бекниязова мектептің аттестациядан сәтті өткені туралы хабарламаны директор Төлегеноваға «Құтты болсын, жуу керек» деп жазып жіберген. Кейін ол осы хабарламадан кейін пара беруге делдал болғаны үшін жауапқа тартылды.
Тергеп-тексеру барысында аттестациядан сәтті өткен мектеп басшыларына «қуанышқа орай ақша жинау» деген желеумен пара талап етілгені анықталды. Айыпталушылар WhatsApp арқылы хабарласып, қажетті қаражатты жеткізіп отырған.
Сот олардың әрекеттерін толық дәлелденген деп танып, үкім шығарды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Ақтөбеде пара алған білім саласының төрт бірдей қызметкері айыппұлмен құтылды
- БҚО-да мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы ұсталды
- Депутаттар азаматтық-құқықтық шартқа тыйым салып, шетелдіктердің айлығын қысқартпақ
- Алматыдағы Баум тоғайында он мың ағаш түп-тамырымен жойылып, орнына тұрғын үй салынуы мүмкін
- Астанада қайтыс болған фельдшердің отбасына қандай төлем төленеді?
- Ақтөбеде 64 жастағы ер адам 14 жастағы қызды жүкті қылды: Өңір басшысы не деді?
- Алғабастағы өрттен аман қалған 3 адамның жағдайы өте ауыр – министрлік
- Құлыбаевтар Halyk Bank-тегі үлестерінің бір бөлігін сатпақ
- Мәжілісмендер балалары мен науқас туыстары бар ата-аналардың жұмыс күнін қысқартуды ұсынды
- Ақмарал Әлназарова елде өршіген тұмауға қатысты пікір білдірді
- БҚО-да 10 жастағы қыз зорланғаннан кейін шенеуніктер тергеуге алынды
- «Кеше сүндет той, бүгін жаназа»: Алғабаста 12 адамды жалмаған өрттен аман қалуға мүмкіндік болды ма?
- «Қолын байлап кетіп қалған»: Қарағандыда бір әйел 4 жастағы ұлын азаптады
- Алғабаста өрттен қайтыс болған отбасы жайлы не белгілі?
- Ұлтаралық алауыздық қоздырған «Северный Казах» бас бостандығынан айырылды
- «Өрт қауіпсіздігінің жақсарғанын көрмедік»: Бектенов Жетісайдағы трагедияға қатысты пікір білдірді
- Түркістанда 12 адамның өмірін жалмаған өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды
- Тоқаев Астанада қаза тапқан фельдшерді марапаттады
- Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі, қажет болса зардап шеккендер Астанаға жеткізіледі — Бозымбаев
- Астанадағы үйдің құлаған қасбеті: Екінші фельдшер мен басқа да зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды