Ақтөбе облысында еріген қар суы республикалық тас жолға жайылды

cover

Ақтөбе облысында еріген қар суы республикалық тас жолды басып қалды, деп хабарлайды Orda.kz   QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше сағат 17.00-де республикалық маңызы бар А-26 «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 194-ші шақырымында еріген судың пайда болуынан жолдың төмен орналасқан бөлігін су басып, нәтижесінде су тасқыны болды. Жол бойындағы еріген судың ені алдын ала мәлімет бойынша  20 м, ал биіктігі шамамен 3-5 см»  делінген жұма күні тараған хабарламада. 


Бұл арада ағын су мен су желісі  жоқ екені айтылды.

«Ақаулықты жою үшін 13-ші жол пайдалану басқармасының 10 қызметкері ата,салысып, арнайы техниканың көмегімен 100 қап құм төселді» делінген хабарламада. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар