Ақтаудағы ұшақ апаты: Тергеуді неліктен Қазақстан жүргізуі керек?
Ақтау әуежайы маңындағы әуе апатынан кейін оның себептері туралы әртүрлі пікірлер туындады. Кім тергеу жүргізуі керек? Жолаушыларlың көбі әзірбайжандықтар болғандықтан әрі ұшақ иесі ретінде Әзірбайжан жағы ма? Әлде ұшақтың диспетчері ретінде рейсті ресейлік азамат қадағалағаны үшін Ресей ме? Әлде апат Қазақстан жерінде болғандықтан бұл міндетті атқару бізге жүктелуі керек пе?
Orda.kz әуе апаттарын тергеу барысында қолданылатын халықаралық ережелер мен тәжірибелер жайлы зерделеді.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы бекіткен ережелер
Басқа мемлекет аумағында болған авиациялық апаттарды тергеу кезінде халықаралық азаматтық авиация ұйымы белгілеген стандарттар қолданылады. Бұл процестерді реттейтін негізгі құжат – халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 13-қосымшасы.
Бұл қосымшада көрсетілгендей, апат болған мемлекет аумағында тергеу жүргізуге сол мемлекет жауапты. Ол ұсынған рәсімдерге сәйкес тергеу жүргізуге міндетті, егер бұл елдің заңнамасы мұндай әрекеттерге рұқсат етсе.
Дегенмен, бұл Ресей мен Әзірбайжан тергеуге қатыса алмайды дегенді білдірмейді. Оларға уәкілетті өкілдерін тағайындау құқығы беріледі. Ережелерге сәйкес, тергеуге қатысуға рұқсат етіледі.
- Әуе кемесі тіркелген мемлекет.
- Әуе кемесін пайдаланушы мемлекет.
- Әуе кемесі жобасын әзірлеген мемлекет.
- Әуе кемесін шығарған мемлекет.
Тергеудің негізгі мақсаты – оқиға себептерін анықтау және болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін ұсыныстар әзірлеу. Маңыздысы, бұл тергеудің мақсаты – кінәлі мен жауапкершілікті анықтау емес.
Тергеу жүргізуші мемлекет апаттан кейін 30 күн ішінде алдын ала есеп дайындауы керек. Бұл есеп жалпыға қолжетімді болуы мүмкін немесе тиісті мемлекеттің қалауына қарай құпия сақталады. Соңғы есепті оқиғадан кейін 12 ай ішінде жариялау ұсынылады.
Кейбір жағдайларда апат болған ел өз бетінше тергеу жүргізе алмайды немесе бұл құқығын ерікті түрде басқа мүдделі мемлекетке береді.
Тарихи мысал келтірейік
Бұған дейін болған MH17 рейсі апатына тоқталсақ, 2014 жылдың 17 шілдесінде Malaysia Airlines әуе компаниясының Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған Boeing 777 ұшағы Украина аумағында атып түсірілді. Ұшақтағы 298 адамның барлығы қаза тапты. Тергеуді Нидерланд Қауіпсіздік кеңесі басқарды, себебі жолаушылардың басым бөлігі осы ел азаматтары еді. Тергеуге Украина, Малайзия, Австралия және басқа да елдердің өкілдері қатысты. Тергеу нәтижесінде ұшақ «Бук» зымыран кешенінің соққысынан құлағаны анықталды. Алайда Ресей бұл шешіммен келіспей, оны жоққа шығарды.
PS752 рейсі апаты 2020 жылдың 8 қаңтарында Украина Халықаралық әуе желілерінің Boeing 737-800 ұшағы Тегераннан Киевке ұшқан кезде, әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай Иранның әуе қорғаныс күштері арқылы атып түсірілді. Ұшақтағы 176 адамның барлығы қаза тапты. Иран бұл қателік екенін мойындап, жауапкершілікті өз мойнына алды. Тергеуді Иран билігі Украина, Канада және басқа да мүдделі елдердің өкілдерінің қатысуымен жүргізді.
SJ182 рейсінің апаты 2021 жылдың 9 қаңтарында Индонезияның Sriwijaya Air әуе компаниясының Boeing 737-500 ұшағы ішкі рейс орындау барысында Ява теңізіне құлады. Ұшақтағы 62 адамның барлығы қаза тапты. Тергеуді Индонезия билігі басқарды, бірақ оған ұшақтың өндіруші елі ретінде АҚШ және басқа да мемлекеттердің өкілдері қатысты.
Ал енді Қазақстанда тергеу қалай жүргізіледі
Ақтау маңындағы әуе апаты тергеуін Қазақстанның тергеу тобы жүргізеді, оған қажет болған жағдайда баллистика саласындағы мамандар да тартылады. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха тергеудің қазіргі кезеңде бастапқы сатыда екенін атап өтіп, ресми емес деректер немесе суреттер негізінде қорытынды жасауға болмайтынын мәлімдеді.
Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, оның құрамына Қазақстан, Әзірбайжан және Ресей мамандары кіреді.
Парламент Сенатының төрағасы Маулен Әшімбаевтың айтуынша, ешбір мемлекет – Қазақстан, Әзірбайжан немесе Ресей – ақпаратты жасыруға мүдделі емес. Барлық деректер мамандардың жұмысы аяқталғаннан кейін қоғамдық назарына ұсынылатын болады.
«Трагедия орны Қазақстан Республикасының юрисдикциясында болғандықтан, тергеуді Қазақстанның құқық қорғау органдары жүргізеді. Бірақ біздің әріптестеріміз, егер қаласа, тергеу әрекеттеріне қатыса алады», – деп атап өтті вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтауда өткен брифингте.
Сондай-ақ, Қазақстанның бұрынғы бас прокурорының орынбасары және сенатор Андрей Лукин Әзірбайжан мен Ресей өз көмектерін ұсынғанын айтты. Алайда, оның сөзінше, Қазақстан мамандары тергеуді ұлттық құзіреттілігі аясында жүргізу үшін қажетті кәсібилігі мен тәжірибесі жетерлік. Лукин, егер шетелдік сарапшыларды тарту қажеттілігі туындаса, осы мәселеге қатысты шешімді тиісті органдар қабылдайтынын атап өтті.
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу ұлттық құқықтық құзырет аясында жалғасады.
Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстандағы кәсіпкерлерді жылдар бойы қорқытып келген қылмыстық топ
- Көлік қыздыруға бес минут жеткілікті- экология министрі
- Маңғыстауда қаза тапқан сарбаз Марат Барқұловтың ісі бойынша бірнеше әскери жазаланды
- Шымкент антикорының бұрынғы орынбасарының соты қаңтарда болады
- Қайырымдылық қордың атын жамылған қылмыстық топ сотталды
- Маңғыстауда мектеп оқушысын ит талап тастады
- Сәкен Бибосынов бокстан ұлттық құрама сапынан шығып қалды
- Фитнес-жаттықтырушысын зорлау: аппеляциялық сот кейінге қалды
- Шерзат ісіндегі маңызды кезеңдердің бірі аяқталды
- «Сатираға байланысты емес»: Полиция QazNews24 паблигінің авторы не үшін қамалғанын айтты
- Қарақалпақ белсендісі неге өз еліне экстрадицияланды?
- Жұмыссыздық: Бүйрегін 9 млн теңгеге саудаламақ болды
- Жетісу облысындағы сарбаз өлімі: ықтимал себептер айтылды
- Сәтбаевтағы экологиялық жағдай туралы премьер-министрге есеп берілді
- Қызылордада жігіт өз әйелін жүкті қылғаны үшін 12 жылға сотталды
- «Журналистерді босатуды талап етті»: Алматыда тағы бір белсенді пикетке шықты
- Қарағанды облысында жолаушылары бар автобус аударылды
- Сатиралық пабликтің авторын қорғаған тағы бір белсенді ұсталды
- Қонақ үйде өрт шықты: 10 адам мерт болды
- Түркістан облысында 1,9 миллиард теңге жымқырған қылмыстық топ ұсталды