Ақтау қаласында жасөспірімдер оқушыны зорлап, қолын пышақпен тілгілеген

cover Фото: freepik.com

Ақтаудағы қатыгез қылмыс туралы НеМолчиKZ қоры хабарлады. Олардың айтуынша 13 жастағы қыз топтық зорлауға ұшыраған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жасөспірімдер мектеп оқушысын бұған дейін де жүйелі түрде қорлап келген. Қор жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, қызды ұрып-соғып, қорлап, денесіне зақым келтірген. Жәбірленушінің қолына  қорлайтын сөзді пышақпен тіліп жазған. 

Жәбірленушінің анасы қорға жүгінді. Ол полицияға 2024 жылдың қыркүйегінде өтініш бергенін хабарлады. Алайда, оның айтуынша, тергеу кешіктіріліп жатыр екен. Ал күдіктілер әлі де бостандықта жүр.

Құқық қорғаушылар Бас прокуратурадан тергеуді бақылауға алуды талап етті. 

Маңғыстау полиция департаментінде ҚР ҚК 120 — бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Атырауда 2 қызының көзінше әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар