АҚШ-тағы әскери зауытта жарылыс болды. Қаза тапқандар бар, 20-ға жуық адам жоғалды
Фото: Бейнеден кадр
АҚШ-тың Теннесси штатындағы Accurate Energetic Systems әскери зауытында қуатты жарылыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жергілікті БАҚ деректері бойынша, бірнеше адам қаза тапты, нақты саны әзірге белгісіз. Хамфрис округі төтенше жағдайлар басқармасының өкілі кем дегенде 19 адам хабар-ошарсыз жоғалып, тағы бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
Округ шерифі Крис Дэвистің айтуынша, бірнеше жарылыс болған: бірінші жарылыстан кейін ұсақ жарылыстар қайталанған. Жарылыс жалғасатындықтан құтқарушылар әзірге кәсіпорын аумағына кіре алмай отыр.
Оқиға себептері анықталуда. Accurate Energetic Systems қорғаныс, аэроғарыш және коммерциялық салаларда пайдаланылатын жарылғыш заттарды әзірлеумен, өндірумен және сақтаумен айналысады.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген суреттер тарады: аумаққа шашыраңқы қалдықтар мен зақымданған автокөліктер көрінеді. Зауыттан 20 минуттан астам қашықтықта орналасқан Лобелвилл қаласының тұрғындары қатты діріл сезінгенін айтты - жарылыс толқынынан үйлер теңселіп кеткен.
Биылғы қазан айының басында Трамп «Тозақ отын жаудырамын» деп қорқытып, ХАМАС-қа соғысты тоқтату туралы шарт қойды.
Маусым айының аяғында Иран АҚШ-тың Сириядағы әскери базасына шабуыл жасады.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады