АҚШ-та Өзбекстан азаматы терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
Фото: freepik.com
АҚШ-тың иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) Өзбекстаннан келген 31 жастағы мигрант Акрор Бозоровты терроризмге қатысы бар деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды Orda.kz.
ICE мәліметінше, Бозоровқа 2022 жылы террористік ұйымға қатысқаны үшін Өзбекстанда іздеу салынған. Ел билігі оны әлеуметтік желіде террористік үгіт-насихат таратып, адамдарды жиһад қозғалысына қатысуға шақырды деп айыптады.
ICE офицерлері Бозоровты 9 қараша күні ұстады.
Ведомствоның хабарлауынша, ер адам 2023 жылдың ақпанында АҚШ шекарасынан заңсыз өткен. Сол кезде шекара күзеті оны ұстап, кейінірек қайта босатқан. Кейін ол АҚШ-та жұмыс істеуге рұқсат алады. Сонымен қатар, коммерциялық жүргізуші куәлігін де алады.
Өзбекстан азаматы АҚШ президенті Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша шетелдік мигранттарды бақылау күшейтілгеннен кейін барып ұсталды.
Айта кетейік, Ресейдің бұрынғы премьер-министрі террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді.
Жаңалықтар
- «Зиратта 15 қабір қазылды»: Алғабас ауылының тұрғындары қалған 3 адамның да қайтыс болғанын айтты
- Алғабастағы өрт: әкімдік пен полиция журналистерге кедергі келтіріп жатыр
- Атырауда 73 жастағы ер адам туысын пышақтады
- Атырауда депутаттың қатысы бар компания салған үйлер қирап жатыр
- Тағы да Талғар: 11-сынып оқушылары 14 жастағы жасөспірімді өлтіріп алды
- Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев Жапаровты «елді құртты» деп айыптады
- Астанада үйдің қасбеті құлап, зардап шеккен фельдшер өмірден озды
- АҚШ-та Өзбекстан азаматы терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- Түркістан облысында қарулы ер адам полицияға оқ атты
- Алғабастағы өрт: Қаза тапқан 12 адамның аты-жөндері жарияланды
- Конгода министр мінген ұшақ өртке оранды
- Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған белсенді Әйгерім Тілеужан ауруханаға жеткізілді
- 15 жастағы баласын көлікпен сүйреп өлтірген әке 25 жылға сотталды
- Алматы облысында 14 жастағы қыз 5 жасар інісін аяуандықпен өлтірді
- Түркістандағы өрттен қаза тапқандардың ең кішісі 2024 жылы туған
- Түркістанда өрттен жапа шеккен тағы үш адам жансақтау бөліміне жеткізілді
- Ресейдің бұрынғы премьер-министрі террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді
- Түркістанда тілсіз жау 12 адамның, оның ішінде тоғыз баланың өмірін жалмады
- Бангладештің бұрынғы премьері өлім жазасына кесілді
- СҚО-дағы диагностика кабинетінде бір ер адам қайтыс болды