АҚШ-та Өзбекстан азаматы терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды

cover Фото: freepik.com

АҚШ-тың иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) Өзбекстаннан келген 31 жастағы мигрант Акрор Бозоровты терроризмге қатысы бар деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды Orda.kz. 

ICE мәліметінше, Бозоровқа 2022 жылы террористік ұйымға қатысқаны үшін Өзбекстанда іздеу салынған. Ел билігі оны әлеуметтік желіде террористік үгіт-насихат таратып, адамдарды жиһад қозғалысына қатысуға шақырды деп айыптады. 

ICE офицерлері Бозоровты 9 қараша күні ұстады.

Ведомствоның хабарлауынша, ер адам 2023 жылдың ақпанында АҚШ шекарасынан заңсыз өткен. Сол кезде шекара күзеті оны ұстап, кейінірек қайта босатқан. Кейін ол АҚШ-та жұмыс істеуге рұқсат алады. Сонымен қатар, коммерциялық жүргізуші куәлігін де алады. 

Өзбекстан азаматы АҚШ президенті Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша шетелдік мигранттарды бақылау күшейтілгеннен кейін барып ұсталды.

Айта кетейік, Ресейдің бұрынғы премьер-министрі террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар