АҚШ соты Трамптың Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға салған тыйымымен келіспеді

cover

АҚШ-тың федералды соты президент Дональд Трамп әкімшілігінің Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауды тоқтату туралы шешімін заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Orda.kz.       

22 мамырда Ақ үй университеттің алмасу бағдарламасы бойынша аккредитациясын жойып, 2,6 миллиард доллар көлеміндегі қаржыландыруды тоқтатып, болашақ грант беруді доғарған болатын.

«Бір ғана сөзбен үкімет Гарвард студенттерінің төрттен бірін — университетке және оның миссиясына зор үлес қосып отырған шетелдік студенттерді — жойып жібергісі келді. Шетелдік студенттерсіз Гарвард — енді Гарвард емес» деп жазылған Гарвард университетінің сотқа берген талап-арызында (Associated Press агенттігі келтірген дәйексөз). 

   Бұл дәйексөзді Associated Press агенттігі келтіреді. 

Гарвард жыл сайын Кембридждегі кампусына шамамен 6,8 мың шетелдік студент қабылдайды. Олардың басым бөлігі магистратура мен докторантура бағдарламаларында оқиды.

22 мамырда АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі Гарвард университетін лицензиясынан айырды. Президент әкімшілігі университет кампусында «қауіпсіз емес орта қалыптасты» деп есептейді.

Министрлік мәліметінше, Гарвард «зорлық-зомбылықты, антисемитизмді насихаттап, Қытай Коммунистік партиясымен келісілген әрекет жүргізген».

Биылғы сәуір айында Гарвард университетінің профессорлары АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігін сотқа берді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар