АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды

cover Фото: Бейнеден кадр

АҚШ әскері Иранның 16 мина қоятын катеріне соққы жасады. Бұл соққы Иранның мұнай тасымалдайтын кемелер өтетін Ормуз бұғазын миналауы мүмкін деген хабарлар аясында жасалды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы кеше, 10 наурызда АҚШ қарулы күштерінің орталық қолбасшылығы X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді. 

Ормуз бұғазы маңындағы ирандық мина қоятын катерлердің жойылғанын АҚШ президенті Дональд Трамп та Truth Social әлеуметтік желісінде растады.

Ормуз бұғазы — Таяу Шығыс елдерінен мұнай тасымалданатын ең маңызды бағыттардың бірі. Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы соғысы басталғалы бері бұл бұғазбен кемелер жүрмей қалды. 28 ақпаннан бері бұл бұғаздан ирандық шабуылдан аман қалған бір ғана танкер өткен. 

Айта кетейік, 10 наурыз күні таңертең Ислам революциясы сақшылары корпусы АҚШ пен Израиль Иранға шабуылдарын тоқтатпайынша, өңірден бір тамшы да мұнай экспорттауға жол бермейтінін хабарлады. Олар тек өз аумағынан америкалық және израильдік дипломаттарды шығаратын мемлекеттерге ғана ерекше жағдай жасалуы мүмкін екенін айтты. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Иран Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізуге кедергі келтірсе, Иранға жасалатын соққылардың қарқынын 20 есеге дейін арттыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар