«Ақнәр Гүлістанды зорламақ болды»: Іске қатысты тың деректер шықты

Былтыр Алматыда тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап қаза болған Ақнәр Гүлістанның анасы мен оның адвокаты Инга Иманбай қайта баспасөз мәслихатын өткізіп оқиғаға дейін бір ер адам қызына жыныстық іс-әрекеттер жасап, қысым көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Гүлістан Хамит Дидар Мұқияттың қорғау тарапы өздерін ақтау үшін бейнежазбаның өздеріне керек тұстарын ғана көрсеткенін айтты. Оның айтуынша, Ақнәрға қатысты өткен жылдың сәуірінде түсірілген бейнежазбалар жайлы қызы тірі кезде білмеген. Дидар Мұқият бұған дейін де Ақнәрдің туыстарына неше түрлі хабарламалар жіберіп, «Ақнәр өлейін деп жатыр», деген сөздер айтқан екен.
«Мен өткен жылдың 13 сәуірінде түсірілген бейнежазбадан мүлде хабарым болмады. Оның барлығын өлген соң ғана маған сіңілім айтты. Ол түсірілген бейнежазбаны менің сіңілме жіберген екен. Сол жерде анық байқалып тұр олар қызымды еркінен тыс ұстаған, телефонын әрі сөмкесін бермей қойған», – деді Гүлістан Хамит.
Қорғаушы Инга Иманбай 2024 жылдың 12 сәуірінде Ақнәрға қатысты жаңа жайт анықталғанын хабарлады. Оның айтуынша, сол күні бір азамат қызды пәтерде заңсыз ұстап, оған психологиялық және жыныстық зорлық көрсеткен. Бұл жағдайды бейнежазбаға Дидар Мұқият түсірген. Иманбай бұл жазбаны тергеуге тапсырып, оның негізінде қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сараптама жүргізуді сұрайтынын айтты.
Атап айтқанда, «бостандықтан заңсыз айыру», «жыныстық сипаттағы зорлықсыз әрекеттер», «өзін-өзі өлтіруге итермелеу», «ар-намысты қорлау, кемсіту» және «бөтеннің затын заңсыз ұстау».
«Бейнежазбада Ақнәрдің пәтерден кеткісі келгені, бірақ оған мүмкіндік берілмегені көрініп тұр. Оны күшпен ұстап, келісімінсіз денесіне, оның ішінде интимді жерлеріне қол тигізген. Сонымен қатар, терезені ашып «секір» деген сөздер арқылы психологиялық қысым жасалған. Ауыр сөздермен ар-намысы тапталған, ал жеке заттарын, телефоны мен сөмкесін бермей қойған», – деді заңгер.
Сондай-ақ, Иманбай Ақнәр қайтыс болған түні сағат үштер шамасында қос қыздың да қорғаушысы болғанын олардың оқиға орнына келгенін айтты. Оның айтуынша, бұл да көптеген сұрақ туғызады.
Баспасөз мәслихатында марқұмның анасы мен заңгер қылмыстың алдын ала жоспарланып, әдейі жасалғанын дәлелдейтін жаңа деректерді жария етті. Олардың айтуынша, бейнежазбаларда көрінетін белгісіз ер адам екі қыздың сыбайласы болуы мүмкін. Бұл азаматтың есімі — Ұлбақ. Дидар Мұқияттың адвокаты Жандос Палмановтың айтуынша, ол Мұқияттың інісі. Марқұмның анасы дәл осы жігіттің де қылмысқа қатысы бар деп күдіктенетінін мәлімдеді.
Бұған дейін күдікті қыздардың қорғаушылары Ақнәр Гүлістан ішімдік ішіп алған соң өзін қалай болса солай ұстағанын, ал олар оны «тыныштандыруға тырысқанын» айтып ақпарат таратқан еді. Алайда марқұмның анасы мен қорғаушы бұл мәліметтің жалған екенін мәлімдеді.
Оған қоса, кешегі ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің: «қылмыстық іс тікелей өз бақылауында әрі тергеу әрекеті жалғасып жатыр» деген сөзіне қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, іс Бас прокуратураның бақылауына өткенін БАҚ-тан білген екен. Оған жеке ешкім хабарласпағанын айтты. Ал Алматыдағы тергеушілер заңгерге еңбек демалысына кеткенін айтып, «кейін кел» деп істі толық қарап шығуына мүмкіндік бермей, уақытты созып жатыр екен.
Еске сала кетсек, 22 жастағы марқұмның анасы полицияның әрекетіне наразылық білдіріп өткізген алғашқы баспасөз мәслихатына Orda.kz тілшісі қатысып, ақпарат жариялады.
Жаңалықтар
- 2 млрд теңге жымқырған депутат қамауға алынды
- AZAL ұшақ апаты туралы Ресей жасырған шындықты айтқан жолаушы көз жұмды
- Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды
- Мыңдаған тонна Қазақстан пиязы Ресейде ұшты-күйлі жоғалды
- Абайдың «Бойы бұлғаң» әні Грэмми ұсынған әлемдік альбомға енді
- Қандай алаяқтық несиелер есептен шығарылады
- Қара халықтың «қанын қайнатқан» қолжетпес тариф кімнің қалтасын қампайтып жатыр?
- Air China ұшағында қол жүгінде жатқан литий батареясы жанып кетті
- Қазақстанның бір өңірінде екі АЭС салу қажеттілік пе?
- Ресейлік Су мен түркиялық F-16 эскорты: Путиннің Будапештке қалай жететіні белгілі болды
- Еліміздегі жаңа Салық кодексіне петиция жарияланды
- Астана сотының ғимаратына кірмекші болған мүгедектер арбасындағы әйел омақаса құлады
- Бектенов өңірді дамыту бойынша артта қалған Абай облысының әкімі Берік Уәлиге талап қойды
- Ақтауда қыз бала элиталық үйдің 18-қабатынан құлап, жан тапсырды
- «Қазақстан барысы – 2025»: Еліміздің ең мықты – балуаны әскери қызметші
- «Монархия емес, демократия»: АҚШ-та Трамп саясатына қарсы тағы да ауқымды наразылық өтті
- Пәкістан мен Ауғанстан оқ атуды тоқтатуға келісті
- Ресми сайттағы қазақша терминдер жаңартылады
- Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге рұқсат берді
- Тегеран санкцияларға құқықтық негіз жойылғанын мәлімдеді