Ақмола облысының әкімі Туризм және спорт министрі болып тағайындалды

cover

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Туризм және спорт министрі қызметіне Ермек Боранбайұлы Маржықпаевтың кандидатурасы келісілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет ұсынылған кандидатты Туризм және спорт министрлігінің басшысы лауазымына тағайындауға ұсыну мүмкіндігі туралы қорытынды қабылдады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Маржықпаев Ақмола облысының әкімі қызметін 2019 жылдан бері атқарып келеді. Бұған дейін 2015-2019 жылдар аралығында Көкшетау қаласының әкімі болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар