Әкімдіктегілер түстен кейін жұмысына оралады — Ақтөбе облысының әкімі

cover Фото: gov.kz

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров кешегі өрт оқиғасына байланысты қазіргі жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Әкім тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатқанын және бұл мәселені жеке бақылауына алғанын айтты.

Шахаров ғимараттың техникалық жағдайын толық бағалау үшін сарапшылар тартылғанын мәлімдеді. 

«Айтып өтейін ғимараттың тек шатыры ғана жанды. Алтыншы қабаттағы кабинеттерге келген зақым айтарлықтай емес. Біз соңғы рет әкімдікке 2022 жылы жөндеу жүргіздік, оның ішінде тек жұмыс кабинеттері жаңаланды», — деді өңір басшысы. 

Әкім түстен кейін мамандардың көп бөлігі өз жұмысына қайта оралатынын айтты. Әкімдікті қалпына келтіру жұмыстарының нақты жоспары әзірленіп жатыр. 

Айта кетейік, кеше, 7 сәуірде Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар