«Қайрат» футбол клубы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді

cover

Ұшақ ішінде «Қайрат» футбол клубы ойыншылары мен жаттықтырушылары болған Алматы әуежайындағы апатқа қатысты пікір жарияланды.

Бұл туралы Orda.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 22 қазан күні таңертең Алматы халықаралық әуежайында болған. FlyJet ұшағы Renault көлігімен соқтығысқан.

«Шынында да, «Қайрат» ФК футболшылары мен жаттықтырушылар штабы бортта болды. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Команда біраз уақыт ұшақта болып, содан кейін клуб базасына кетті. 24 қазан, жексенбі күні өтетін «Қайрат» – «Астана» арасындағы маңызды матчтың алдында кешке жаттығу болады» деп мәлімдеді «Қайрат» ФК баспасөз қызметі.

«Қайрат» «Қарабахқа» қарсы матчтан кейін Бакудан оралды. Қазақстандық клуб Әзірбайжан командасынан (1:2) Конференциялар лигасының топтық кезеңінің үшінші турының матчында жеңілді.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі (әуе көлігі қозғалысының қауіпсіздігі және оны пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар