Аяжан Еділованы өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды

cover

Аяжан Еділованың зорлау және қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды. Қазір іспен танысу сатысында.

Бұл туралы Orda.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Қадыржан Ғалымжанұлының айтуынша, бұл іс қазан айында сотқа түсетінін айтты.

Күдіктіге Қазақстан қылмыстық кодексінің екі бабы: 120-бабы «зорлау» және 99-бабы «басқа қылмысты жасыру мақсатында жасалған кісі өлтіру» бойынша айып тағылды. Тергеуді Алматы қаласының мамандандырылған прокуратурасы жүргізді.

Аяжан Еділова 19 наурызда жоғалып кетті. Бойжеткен жұмыстан кетіп, үйіне оралмады. Оның аяусыз өлтірілгені 22 наурызда белгілі болды. Ол Талдықорғанда жерленді. Оның денесі 19 наурызда табылды. Бұған дейін хабарланғандай, күдікті оның денесін бөлшектеп қоқыс жәшігіне лақтырып, тырнақтарын жұлған.

Күдікті бірден ұсталды. Оны жәбірленушімен бірге кіріп бара жатқаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Күдікті 1993 жылы туған Түркістан облысынының тумасы.  Ұстау кезінде ол өз-өзіне қол жүмсауға тырысып, өзін жарақаттады. Ауруханадан шыққаннан кейін тергеу жүргізу кезінде ол тергеу изоляторына ауыстырылды.

Аяжан екеуі келісім бойынша кездескен. Бірақ бұл кездесудің мақсаты әлі белгісіз. Туыстары бұл Аяжанның кәсібіне қатысты деп ойлайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар