Ахмад Масуд Талибанмен бейбітшілік орнату талаптарын атады

cover AHMAD SAHEL ARMAN/AFP VIA GETTY IMAGES

Ауған қарсыласу майданының жетекшісі Ахмад Масуд «Талибан»* қозғалысымен күресті тоқтататын талаптарды атады.

Бұл туралы Orda.kz Foreign Policy сілтеме жасап хабарлайды.

Масудтың айтуынша, егер «Талибан»* қозғалысы инклюзивті үкімет құрып, азаматтардың бостандығы мен теңдігін қамтамасыз етсе, Ауғанстанға қарсы тұру майданы өз қызметін тоқтатады.

- Егер Талибан* билікті барлығымен бөліссе және әділеттілік орнатса, Ауғанстандағы барлық адамдарға теңдік пен еркіндік берсе, мен артқа шегініп, саясаттан кетемін. Барлық басқа нұсқалар қабылданбайды, - деді Масуд.

Ол сонымен қатар шетелден ешқандай қаржылық қолдау алмайтынын айтты.

Бұның алдында, Панджшер провинциясындағы содырлар батыс елдері оларға қару-жарақпен қамтамасыз етуін сұраған болатын.

  • «Талибан»* қозғалысы – Қазақстан аумағында тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар