Абу Дабиде Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер басталды
Фото: Envato
Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, кездесулер 23 қаңтарда басталып, екі күнге созылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Келіссөздер барынша жабық форматта өтуде. Өтетін орны жария етілмеген, әзірге баспасөз өкілдерінің қатысуы да қарастырылмаған.
Қазіргі таңда белгілі болғаны — Ресей делегациясын Ресей Қарулы күштері Бас штабының Бас барлау басқармасының (ГРУ) басшысы Игорь Костюков, ал Украина делегациясын президент кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов пен Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің төрағасы Рустем Умеров бастап отыр.
Көптеген БАҚ мәліметінше, алғашқы үшжақты кездесу барысында Мәскеу Дональд Трамп пен Владимир Путин арасында Анкоридж саммитінде жасалды делінетін келісімдерге табанды түрде тоқталмақ. Әңгіме Украина тарапынан аумақтық жеңілдіктер жасау, соның ішінде Киевтің бақылауында қалған Донецк облысының аудандарын беру, сондай-ақ елдің шығысы мен оңтүстігіндегі басқа өңірлерде қазіргі майдан шебін қатырып қою туралы болып отыр.
Абу Дабидегі келіссөздер соңғы күндері күшейген дипломатиялық байланыстар аясында өтуде. Бұған дейін Мәскеуде Владимир Путин АҚШ-тың арнайы өкілдері — Стив Уиткофф, Джаред Кушнер және Джош Грюнбауммен шамамен төрт сағатқа созылған кездесу өткізген болатын.
Ал бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Дональд Трамппен келіссөздер жүргізді.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Давоста Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылатыны туралы құжатқа қол қойды
- Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
- Оспадарсыз әлеуметтік сақтандыру: қайтыс болғандарды қабылдауға жазып, ер адамдарды әйелдерге арналған скринингтен өткізген
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады